«IKOMEK 109» АРҚЫЛЫ ЖОҒАЛҒАН ЗАТТАРДЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ

449
Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын Шымкентте «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Бүгінде қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр.
@ikomek109.shymkent — қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған және тағы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып алған адамдарды делдалсыз байланыстыратын орталық. Себебі соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген.
Осы жылы орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен бірлесе отырып мегаполис тұрғындарының 592 жоғалған затынн тауып берген. Атап айтқанда 217 сөмке, 144 әмиян, 129 құжаттары бар файлдар, 15 сағат, 6 ұялы байланыс құралы, 4 ноутбук, 3 домбыра, 2 аяқ-киім және 72 төлем карталар табылды.
Табылған Төлем карталарды, құжаттарды орталықтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салынады. Азаматтар жоғалтқан құжаттарын сол жерден көре алады.
Құрметті қала тұрғындары! Егер Сіздің де жоғалтқан немесе тауып алған заттарыңыз болса, төмендегі тәсілдермен iKomek 109 Shymkent орталығымен байланыссаңыз болады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы;
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.