ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ МҰРАТ ТЛЕУБЕРДИЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРМЕН АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

125

Үйлестіру кеңесінің жұмысына құқық қорғау және арнаулы органдар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және басқа да мүдделі адамдар қатысты.

Уәкілетті органдардың аталған бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалып, облыс прокуроры қылмыстық қудалау органдары мен уәкілетті органдардың басшыларына мекемаралық өзара іс-қимылды күшейту және этносаралық қақтығысқа жол бермеуді атап өтті.

М.Тлеубердиев этносаралық келісім мәселері бойынша құқық бұзушылықтарға байланысты жүйелі проблемаларға, себептері мен шарттарына назар аударып, оларды барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимыл барысында жою қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге, Үйлестіру Кеңесінде құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың алаяқтық қылмыстарын алдын алуға бағытталған жұмыстарының тиімділігі, оларды ашу бағытында көрілген іс шаралар талқыланып, осы санаттағы қылмыстық істердің әлсіз ашылуы жеке атап көрсетілді.

Прокуратурамен уәкілетті органдардың жұмысын біріктіру мақсатында «Алаяқтықтың қазіргі заманғы түрлерінің алдын алу» жобасын әзірлеу және іске асыру ұсынылды.

Жобаның мақсаты алаяқтықтың нақты туындау себептерін анықтау және оның алдын алу шараларын қабылдау арқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Қорытындылай келе, тиісті уәкілетті органдарға қабылданып жатқан шараларды одан әрі жетілдіру, сондай ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмысты бірлесіп жалғастыру тапсырылды.