ШЫМКЕНТТЕ ҮШ МАГИСТРАЛДЫ СУАҚҚЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

380
Бүгінде аталған нысандарда құбырларды жуып-шаю және жалпы тексеру жұмыстары жүргізілуде.
4,48 шақырымдық суаққы құрылысы “Сарыағаш-Аман” ЖШС тарапынан 2020 жылдың мамыр айында басталып, құрылысы 100 % аяқталды.
Ал 9,37 шақырымдық магистралды суаққы құрылысы да өткен жылдың маусым айында басталып, жұмыстар толық аяқталған.
Сондай-ақ, 10,61 шақырымдық магистралды су құбырының құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталып, жұмыстар толық аяқталды.
Аталған магистралды құбырлардын тексеру жұмыстары аяқталғанда 100 мыңнан аса адам сапалы суға қол жеткізеді.
Қала тұрғындарын ауыз сумен қаматамасыз ету әкімдіктің басты міндеттерінің бірі екеніне тоқталған М.Әйтенов тиісті сала басшыларына бұл бағытта күнделікті мониторинг жұмысын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Жұмыстар нәтижесінде Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл және Көкбұлақ тұрғын алабына ауыз су кезең — кезеңмен беріле бастайды.