“БІЗДІҢ ҚАЙРАТ…”
Жақсыға еге көп. Оңтүстік журналистері Талғат Балтабаевты “біздің әріптес”- десе, Шымкенттік сайлаушылар оны халық қалаулысы ретінде “Біздің депутат” деседі. Әсіресе, қалың проблемасы қаптаған Қаратау ауданының халқы, оның ішінде “газ жақпадық ғой” деп, әліге дейін әбігерге түсіп, жаны жаныққан Қайнарбұлақтың қара халқы Талғатты қаумалайды да жүреді. “Жылпос-депутат” болса, жұрт жуымаста ма еді кім білсін?… Бәлкім, бір сөзділігі ұнайтын шығао… Мүмкін, момын мұсылмандар “біздің мәселеге мән берер белсенді депутат ғой””-деп сенім артқандықтан да шығар. Сенімге селкеу түсірмеу үлкен бақыт. Сенімді жоғалтпай жүрген журналист-депутат үшін де, әріптестік көңіл марқайады. Жақсыларға жанаса жүретін Талғат бауырым бүгін 1-мамыр мерекесінде бір жігітпен таныстырды. “Біздің Қайрат” деді. Шымкент қалалық мәслихатының су жаңа депутаты Қайрат Имашев екен. Құтты болсын айттық. Бұ қазақтың, әсересе, футбол сүйер жанкүйердің “Қайрат” десе, бүйрегі бұрып, жылы тартатыны бар емес пе? Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадүр Нарымбетов соңғы уақыттары депутаттық корпусына “шал-шаухан” қарияларды емес, жалындаған жас “бахадүр” жігіттерден. Бас құрап, “Қайрат” командасын жасақтап жатқандай әсер қалдырды. Шымкент қалалық Журналистер одағының төрағасы Уали Кыдыров екеуміз “Қайратты бол, Қайрат Имашев”- деп, құтты болсын айттық жаңа таныс-жас депутатқа. Елге еңбек сіңіріп, “Біздің-Қайрат” дейтін жаңа атпен жарқырап жүргей! Өзіңе сүйінер сайлаушыларың көп болғай Қайрат Имашев!
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист