ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

502

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымына Жұмабаев Жандос Сағындықұлы тағайындалды.

Білімі жоғары. 2004 жылы Экономика және құқық академиясын, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

2005-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған  болатын. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

2018-2019 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті директорының орынбасары болып, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып еңбек етіп қызмет атқарған.

2022 жылдың 13 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Ж.С. Жұмабаев Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары ретінде жаңа лауазымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымына Жұмабаев Жандос Сағындықұлы тағайындалды.