ТІЛГЕ ЖАНАШЫРЛАР КӨБЕЮДЕ

538

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Шымкент қалалық филиалының Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы Бастауыш ұйым төрағасы болып Асылзат Арыстанова сайланды.
Кітапхана ұжымында руханиятқа қызмет етуші, мемлекеттік тілге шынайы жанашыр 58 адам “Қазақ тілі” қоғамының мүшесі болды.
Анар Жаппарқұлова басқаратын кітапхана ұжымы мүшелерімен Шымкент қалалық филиал төрағасы Ерсұлтан Әмірбек еркін форматта әңгімелесіп, пікір алмасты.
Тілге тірек болар жаңа жобаларды бірлесе атқаруға уағдаласты екі жақ!

Айгүл Мамыт, Халықаралық
“Қазақ тілі” қоғамы Шымкент филиалы төрағасының орынбасары