САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙГЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТУДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ СЕГІЗ ЖЫЛУ НЫСАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

207

Шымкент қаласында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге жыл басынан бері келуші туристердің саны артты. Шет мемлекеттерден келген қонақтар ата-бабаларымыздың қиын тауқыметін көрсететін «Алаш арыстары», «Ашаршылық», «КарЛаг», «АЛЖИР», «Желтоқсан» атты бөлімдердің экскурсиясын ерекше таңданыспен тыңдауда.

Нақтырақ айтар болсақ Бразилия, Испания, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Франция, Индия, Словения, Нидерланды, Жапония, Польша, Канада, Австрия, Иордания, Германия, Англия, Туркия, Финляндия, Монголия елдерінен арнайы келген қонақтар музейдің жаңғыртылған жаңа экспозиция залдарымен танысып, музей экскурсиясынан ерекше әсер алғандықтарын атап өтуде. Әрине бұл жерде музей ісінің тиянақты жүргізілгендігін айта кету керек.

Аталған мекеме жуырда модернизациядан өткен. Жалпы қаламыздағы Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі елдегі ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекеме. 2001 жылы 2 қарашада ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай құрылған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары деп аталған.

Музей үш залдан тұрады: Экспозициялық зал, «Тағзым» залы, Кино залы. Бастапқыда музей қоры 2500-ге жуық экспонатпен ашылған болса, қазіргі таңда музей қорында 16500 экспонат жинақталған.

ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ СЕГІЗ ЖЫЛУ НЫСАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 2024 жылы 8 жылу нысаны жаңғырту, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, «АДЦ-160 Гкал» қазандығына жаңарту жұмысы жүреді. «ТК-15-тен ТК-25-ке дейінгі жылу құбыры» және «ТК-4-тен ТК-5-ке дейінгі жылу құбыры», «РК-3», «К-24» және «К-54» қазандықтары, «РК-1» сорғы стансасын қайта құрылып, жылы жүйелері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Жалпы Шымкентте жылу желілерінің ұзындығы 838,6 шақырым, олардың тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Сондай ақ, шаһарда 23 қазандық және 17 сорғы станциясы бар. 23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5 пайыз, сорғы станцияларының тозу деңгейі – 41 пайыз.

Бүгінгі күні қалада жылыту жүйелеріндегі мәселелерді шешу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.  Биыл жылу желілерінің тозуын азайтуда 8,7 шақырымдық жылу желілері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Атап өтсек, 2025 жылы «РК-3», «К-54», «К-19», «ПМК-49» қазандықтарын қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша атқарылса, 2025 жылы жылы жүйелерінің тозу деңгейі 30 пайыз құрайтын болады.