Түлкібаста 6 айда протез-ортопедиялық құралдармен 135 мұқтаж азамат 203 бұйыммен қамтылған

93

Түлкібас ауданында 2024 жылдың 6 ай қорытындысымен 5 586 мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепте тұрады, ауданның жалпы тұрғындарының 4,9% құрайды, Олардың 508(9%) – 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 2 168 (39%)- 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар,  2 132 (38,1%) – 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 778(13,9%) — 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды құрайды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 6 айында протез-ортопедиялық құралдармен 135 мұқтаж азамат 203 бұйыммен қамтылған. Одан бөлек, сурдотехникалық құралдарға 29 мұқтаж азаматтар 55 құралдармен қамтылды. Аудандағы тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 14 азамат 40 құралдармен қамтылып, қол арба құралдарына мұқтаж 69 азамат 79 құралдармен қамтылған. Сондай-ақ, ымдау тілі маманы қызметін 53 мүгедектігі бар адамдар, жеке көмекші қызметімен 161 мүгедектігі бар адамдар қамтылуда. Бұдан бөлек, гигиеналық құралдарға 550 мұқтаж азамат 1159 құралдармен қамтылып, санатория-курорттық емдеуге 600 жолдама бөлініп, 311 мүгедектігі бар адамдар жолдамамен қамтылды.

 

Бүгінге дейін 25 мыңнан астам құжат немесе осы салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 21 пайызы осындай форматпен қаралды. Сонымен қатар, жұмыс қорытындысы бірқатар тың мүмкіндіктер бар екенін көрсетті. Атап айтқанда: азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына ұсынатын қағаз құжаттардың барлық түрін толық алып тастап, емханаларды бірыңғай терезе ретінде айқындауға; ауру түрлері бойынша бейінді мамандарды сараптамаға тарту арқылы азаматтардың тұрмыстағы шектелу дәрежесін неғұрлым дәл белгілеуге; ұсынылатын қызметтер мен техникалық құралдардың нақты тізімін анықтай отырып, көмекке мұқтаж әр азаматқа жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі бар. «Бұл бағыттағы жұмысты Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп атқарып жатырмыз. 2023 жылдың соңына дейін медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысын түбегейлі өзгертіп, осы саладағы қызметтің тең жартысын проактивті форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі мен азаматтардың денсаулық картасы енгізілгеннен кейін оған толық көшеміз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.