Инклюзия – жанашырлық туралы әңгіме емес

58

Түркістан облысының тұрғындарының назарына инклюзия тақырыбы қоғамдағы өткір және көптеген сұрақтарына жауабын таба алмай жүрген проблемалардың бірі екендігін және басқа да мәліметтерді ұсынамыз.

Қазақстанда жақын жылдары мүмкіндігі шектеулі балалардың қатардағы мектепте тең дәрежеде білім алуы туралы стандарт енеді. Қазіргі таңда оның бастауы бар. Демек бұл елімізде инклюзивті біліген өзекті  пм алу толығымен енгізіледі деген сөз. Жалпы инклюзия тақырыбы қоғамдағы өткір және көптеген сұрақтарына жауабын таба алмай жүрген проблемалардың бірі. Себеп қоғам дайын емес, біз дайын емеспіз. Біз қанша жерден ашық және тең қоғамда өмір сүреміз десекте мүмкіндігі шектеулі адамды көргенде өн-бойымыздың басқа сезімде болатыны жасырын емес. Осы тұрғыда біз толыққанды инклюзия қоғамында өмір сүруге және мүмкіндігі шектеулі жандарды өзімізбен тең дәрежеде қабылдауға дайынбыз ба?

Бізде мүмкіндігі шектеулі баланы қатардағы мектепке берсек, қалыпты балалардың арасына бейімделе алмай өзін тастанды сезініп, өз өзімен қалады деген теріс пікір бар. Шындығында мүлдем олай емес. Себебі инклюзивті білім беру ол арнайы әзірленген процесс, арнайы мамандармен дайындалған бағдарлама. Ол өз кезегінде қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар өзара тіл табысып, бір ортада қалыптасуына ықпал ететін арнайы жоба. Яғни, бәріне мақсат бірдей жайлы орта құра отырып балалардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беріп, бірге дамыту.

Мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты балалардың қатарына қосылар алдында арнайы комиссиядан өтеді, яғни оның ортаға бейімделу деңгейі қандай, жағдай қаншалықты жасалған және ең бастысы денсаулығы мүмкіндік бере ме? Осының барлығы қаралып, сарапталады. Мысалы, комиссия бала жағдайына қарап аптасына екі рет жарты күннен немесе күнделікті бірақ тьютордың көмегімен қатысуға рұқсат беруі мүмкін. Яғни барлығы да баланың жеке даму ерекшеліктері мен талаптарына қарай негізделеді. Сонымен қатар, комиссия балаға қажетті арнайы оқу-жаттығу бағдарламасын жасап және соған сай қандай медициналық құрал-жабдықпен қамту қажеттігін анықтап ұсынады.

Ерекше қарауды талап ететін бала кәдуілгі балабақшаға не болмаса мектепке келер алдында ол баламен жұмыс жасайтын команда жасақталады. Бұл өз кезегінде тәрбиеші, дефектолог және психолог. Команда балаға арналған бейімделу бағдарламасын жазады. Мысалыға, баланың алға жылжу, даму процесі кешеуілдейді де содан келіп математикадан үлгерімі төмендейді. Мұндай жағдайда тығырықтан шығудың бірнеше жолы бар: баламен мұғалім не тәрбиешісі жеке айналысады немесе күнделікті сабақ үстінде көппен бірге бірақ тьютор, дефектологтың көмегімен жүзеге асырады. Балаға көңіл бөлініп арнайы маманның көмегімен жүзеге асырғаннан кейін баланың зейіні мен сабақты қабылдауы қиындыққа соқпайды.

Мысалы, біздің мектептің негізінде айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі баланы қалыпты ортаға қосар алдында біз барлығын жинап түсіндірме жұмысын жүргіземіз, мүмкіндігі шектеулі баланы, өз қатарластарымен барлығын тең қатарда ұстауымыз керек, әр баланың өзіне сай ерекшелігі бар, тек керегі ерекшелігіне мән беріп соған сай жағдай жасау. Тіпті біз қалыпты баламен жұмыс жасаған кезде де баланың ерекшелігіне, қабылдау мүмкіндігі мен қызығушылығына қарап әрекет етеміз мұнда да сол секілді.

Одан соң мүмкіндігі шектеулі бала бізге келеді, бұл бір ерекше сәт. Себебі, әртүрлі бала келеді, әртүрлі деп отырғанымыз ол біреуі көзілдірік тағады, беруінің құлағы естімейді, енді біреуі дұрыс жүре алмайды, міне мәселе осында қалыпты ортаға түскен кезде кішкентай кезінен көз үйренеді және балалар оларды бөліп ажыратпайды сен кемсің деген секілді, керісінше балаларда себебін білуге деген қызығушылық оянады, неге ол өздігінен жүре алмайды, ол неге менің айтқанымды естімейді деп оған жауап іздейді, өзімен бір қатарда жүріп тұрған соң олармен сөйлесіп араласады, көмектеседі және ең бастысы сол қалпында қабылдайды.