Мүмкіндігі шектеулі жандардың қандай медициналық және әлеуметтік көмек алуға құқығы бар?

35

Түркістан облысының тұрғындарының назарына ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы инклюзияны, барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде ақпараттарды ұсынамыз.Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінде медициналық көмектің алатын орны бөлек. Мүгедектігі бар азаматтардың барлығы дерлік денсаулығын күтуге қалтасы көтермейтінін анық  білеміз. Оңалтуға арналған шетелдік аппараттардың бағасын қоспағанда, алуға тиіс қызметтердің өзі әжептәуір қаражатты талап етеді. Тегін көрсетілетін медициналық және әлеуметтік көмек мұқтаж жандардың бірең-сараң жыртығын жамауға септігін тигізсе де, мәселенің түйіткілін түп тамырымен жұлып тастауға дәрменсіз. Дегенмен, мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін қызметтердің маңыздылығын  ысырып тастау жарамас. Сондықтан, төмендегі құқығыңызбен танысып, қандай қызметтерді тегін алуға мүмкіндігіңіз бар екенін біле жүргеніңіз абзал!

Сонымен, елімізде I, II, III топ мүгедектері бар азаматтар диагностикалық тексерулерден тегін өтуге құқылы, олар томография, полимеразалық тізбек реакциясы жолымен іске асатын талдау, ангиография. Сонымен қатар, келесі қызметтерді алуға болады. Олар дәрі-дәрмекті ақысыз алу, жылына бір рет шипажайға жолдама рәсімдеуге, соның ішінде қамқоршысы үшін де, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ауруханалардан жаялықшалар, несеп қабылдағыш және басқа да жеке басына қажет құрал-жабдықты алуға,стационарлық немесе амбулаторлық ем алу кезінде әртүрлі сауықтырушы шараларды пайдалануға, тегін кресло-арба алуға, адамға қозғалуға көмектесетін балдақ, жүріс арбасы үлгісіндегі протездерді дайындатуға, ортопедтік аяқ киім және емдеуші дәрігердің қызметіне жүгінуге, естуді жақсартуға арналған тегін есту аппараттарының берілуі, қақас еститін мүгедектерге мәтіндік хабарламаларды қабылдауға, кері салуға болатын арнайы телефон ұсыныладыкөру және есту қабілеттерінен айырылған азаматтарға арнайы өнделген сағаттардың берілуі, жекеменшікке қолдануға бейнекомпьютердің табысталуы;көруі әлсіз немесе көз жанарынан толығымен айырылған азаматтарға қолдануға болатын глюкометр, тонометр құралдарының берілуі. Оған қоса, ерекше мәртебесіне сәйкес Қазақстан мүгедектеріне келесі қызметтер тегін көрсетіледі. Егер науқастың оған күтім жасайтын туғандары және қамқоршысы болмаса, онда ол үйде күтім жасау қызметін сұрауға құқылы. Оларға және олардың жанұясына психоэмоционалдық жағдайларына қолдау көрсету үшін психологтің көмегі беріледі.

Одан бөлек, егер азамат емханаға өзі келе алмаса, онда дәрігерді үйге шақыртуға құқылы. Егер қатты қажеттілік болса, есту қабілеті нашар мүгедекке сурдоаудармашы мамандары келе алады. Қоғамдық орындармен, көліктермен, әлеуметтік инфақұрылым нысандарымен еш бөгетсіз қолдануы. Дүкендердегі, дәріханалардағы, ауруханалардағы және троллейбустардағы пандустармен, көтергіштермен, Брайл маңдайша жазуларымен, ақпаратты дыбыстық беру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.Сырқаттармен оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі. Көп жағдайларда бұл такси диспетчері, үйде отырып жұмыс істейтін бағдарламашы, көлік және жүк тасмалдауды жүзеге асыру координаторы.

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандар, яғни мүгедектігі бар деп танылған азаматтар, баспана алуға, жұмыспен қамтылуға, салықтан босатылуға, ақысыз заңгер көмегіне жүгінуге, жол қатынасы кезінде бірталай жеңілдіктер алуға құқылы.