Жазасын өтеушілерге арналған электронды өтініштер қабылдау терминалдарының тиімділігі.

184

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жабық мекемелердегі азаматтарды ықтимал заңсыз әрекеттерден қорғау бастамасын жүзеге асыру аясында қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде электронды түрде өтініш беруге арналған терминалдары орнатылды.

Осы мақсатта Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жазасын өтеушілермен мекеме әкімшілігінің бақылауынсыз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін функциянал әзірленіп, қазіргі таңда бейне қоңырау арқылы арыздану іске асырылуда.

Терминалдың негізгі функционалдық принципі жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз, шағымдар мен өтініштерді жіберуге, мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануына мүмкіндік беру арқылы бұл процестің ашықтығы мен айқындығын  қамтамасыз ету.

Терминал бұзылудан қорғалған, үздіксіз қуат көзімен қамтамсыз ететін құрылғыдан, сенсорлық экраннан, принтерден, веб-камерадан, қол жетімді шрифті бар ыңғайлы сенсорлық пернетақтадан тұрады.

Терминалдардың функционалдық мүмкіндіктері ауқымды. Атап айтқанда жазасын өтеуші өз өтінішін өзі жіберуі үшін құрылғыны әзірлеушілер «Secugen» деп аталатын биометриялық саусақ ізі сканері көмегімен барлық жазасын өтеушілердің жеке сәйкестендіру нөмірі тере отырып саусақ іздері арқылы жүйеге тіркеліп, өз өтініштерін электронды түрде сенсорлы экран арқылы жазбаша немесе веб-камера арқылы бейне жазба ретінде жолдай алады. Өтініш жіберілгеннен кейін, өтініш берушіге талон шығарылады.

Процесті цифрландыру жабық мекемелердегі азаматтарды ықтимал заңсыз әрекеттерден қорғау деңгейін арттырады.

Түркістан облысы бойынша №55 мекемесінде орнатылған терминалдар бойынша 446 жазасын өтеушінің 440 тіркелген. Терминал жұмысы бойынша толық дерлік өтініш беру тәртібі түсіндіріліп, терминалдардың мүлтіксіз жұмыс жасауы қамтамасыз етілген.

 

 

ҚР Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша

департаментінің аға прокуроры                                                                  Б.Сүйінбай