ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АВТОБУС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН БРАЗИЛИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН XXXIV-СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

497

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Осы жұмыстардың барысын қадағалау мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов БАҚ өкілдерімен бірлесе қоғамдық көліктердің аралық интервалын, қызмет көрсету сапасын бірлесе бақылады.
Қазіргі таңда қоғамдық көлік компаниялары бәсекеге қабілетті болуы керек. Қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған жағдайда көлік компанияларымен келісімшарт бұзылады.

Бүгіннен бастап қала тұрғындарына 26 бағыт жаңа автобустармен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушы көлік компаниясы өз есебінен кең сиымдылықты, Yutong маркалы жаңа 10 автобусты желіге шығарды. Аталған бағыт Барыс базары мен Фосфор ауруханасы аралығында қызмет көрсетеді.

Қала әкімінің Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Агроферма шағынауданының тұрғындарымен кездесуінде 34 бағыттың аралық интервалына және олардың ескілігіне шағымдар айтылған болатын. Осыған байланысты 1 мамырдан бастап аталмыш бағытта тасымалдаушы көлік компаниясы 12 автобуспен жолаушыларды тасымалдауда. Қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағынауданы мен Клара Цеткин көшесі аралығында ұйымдастырылған.

 

 

 

 

 

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында 2022 жылдың 1-17 мамыр аралығында есту қабілеті нашар спортшыларға арналған 24-ші Сурдлимпиада ойындары басталды.

Ойындарға әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғады, олардың құрамында Шымкент спортшылар — Пернеш Шадияр мен Рсалы Сабыржан бар.

Спортшылар еркін күрестен Пернеш Шадияр 65 келі, Рсалы Сабыржахн 70 келі салмақта өз шеберліктерін көрсетті.

РСАЛЫ САБЫРЖАН КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ!

ПЕРНЕШ ШАДИЯР V-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!

Құттықтаймыз!