«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

539

Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов референдум бойынша Шымкент қаласына жасаған іссапары аясында шаһарымызда жаңадан ашылған «Белсенді ұзақ өмір» ардагерлер үйінің жұмысымен танысты.

Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Ізмұхамбетов және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан бастаған қонақтарды аталған мекеменің басшысы М.Алданазарова күтіп алып, барлығы бірге орталық ішін аралады.

— Алдағы референдумға байланысты Шымкент қаласы тұрғындарымен кездестім. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ал ардагерлерге қызмет көрсететін бұл ғимарат мені өте қызықтырды. Расында да барлық жағдай жасалған екен. Қариясын сыйлаған ел ешқашан жаман болмайды, — деді Бақтықожа Салахиддинұлы.

Айта кету керек, қалада бүгінде 83 мыңдай зейнеткер болса, аталған орталықта күн сайын 500 ардагер демалып, емделеді.

ҚР Еңбекминінің өкілдері 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті. Ол жергілікті бюджет есебінен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құруды көздейді. Бүгінгі күні мұндай орталықтар 9 өңірде: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында ашылып, жұмыс істеуде.
021 жылдың соңына дейін республиканың 8 облысында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылады. Нәтижесінде қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі мекемелер Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Аға буын азаматтардың жағдайын жақсарту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов хабарлады.