“ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС АЙТПАҒАНДЫ, ШЫМКЕНТ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ АЙТТЫ…”

327

Ұялы байланыс оператоилары ұятты жиып қойып, уыстап ақша табатын жер ме?.. Олар елді алдаусыратып қара халықты қанап, қалта қампайтып жүрген жоқ па?… Көпті мазалаған сансыз сауал бар да, нақты жауап жоқ секілді. Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Рүстем Ашетаев бұл мәселенің түбіне май шам алып түскені қуантады. Ұлттық кеңес айтпағанды Шымкент қоғамдық кеңес мүшелерінің мықтап қолға алғаны қуантады. Қоғам белсендісі Рүстем Ашетаев “ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫ ҰЛЫ МА, ҰРЫ МА?” деп ашық сауал тастады. Ол бүйдейді:

Осыған дейін еліміздегі ҰБ операторлары қызмет көрсету тарифтерінің бағаларын өз қалауларынша біржақтама шешімдерімен өсіріп келгендерінің қаншалықты заңды екендігін анықтауға уәде берген едік.
Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1675209276199192&id=100011304071409

Осы сұрақты халықтың атынан сұру салуымыз үшін Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында Үкімет пен тиісті мекемелерден сұрау салып заңдылығын анықтау мәселесін көтеріп, кеңес мүшелері бірауыздан қолдап ұсынысым протоколмен бекітілген болатынмын. Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1679131642473622&id=100011304071409

Біздің қарсыластарымыз «дәулер» болғандықтан, олармен алыспай тұрып «етек-жеңімізді» қымтап алайық деп қаншама Халқаралық және өзіміздің Мем. заңдарымызды зерделеп алуымызға біршама уақытымыз кетті. Үкімет пен тиісті мекемелерден сұрау салуға негіз болатын қаншама «логикаға келіңкіремейтін» тұстарын байқадық. Бұл жерде қаншама «шикіліктің» бары анық. Бірақ, оның бәрін анықтау бірәз шаруа боларын сезіп отырмыз.
Бастысы, Шымкент Қоғамдық кеңесі мен әріптестік меморандумына отырған AdiletGroup Kazakhstan заңгерлер палатасымен бірге, осы істі соңына дейін алып барамыз деп уағдаласып отырмыз.

Ісіміздің «біссімілләсі» деп, алғашқы сұрау хатымызды Актив, Билайн, Алтел, Т 2 ұяты байланыс операторларының адресіне жолдап отырмыз. Заң аясында 10 күнненсоң жауабын алуымыз керек. Келесі қадамдарымыз сол берген жауаптарына қарай болмақ. Әрі, ол кісілердің берген жауаптары мен қарсы уәждерін де осында жариялап таныстыратын боламын. Көрелік қандай негізге сүйеніп, осылай «бей-берекет» тарифтерінің бағаларын көтеріп жатқандарын.

Ал ағайындар!
Әзірге жаңалығымыз осындай. Сіздердің қолдауларыңызбен «тау қопарарымызға» сенімдіміз!-деп аяқтайды өз жазбасын Рүстем Ашетаев.

Айтпақшы, өткір де, өжет Рүстем Ашетаевтың ащы дауысын қоғам қолдау қажет секілді. Мыңжасағыр Рүстем Ашетаев өз жазбасының соңында “Ақорданың айналасындағыларға құлаққағыс етіп отыр. Олар да ойланып, үн қосса деген бізде де ізгі ниет бар.

ARA-ақпарат