ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

319

 

Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы пайдалануға берілді. Саялы бақтағы алғашы шара бүлдіршіндердің құтты қадамымен басталды. Зиялы қауым өкілдері балалардың тұсауын кесіп, ақ батасын арнады.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпшілікті мерекемен құттықтады.

— Балаларға қамқорлық айтулы жыл аясымен шектелмейді. Қаладағы жасалған тірлік пен өзгерістер — келешек ұрпақ үшін, — деді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының жанында орналасқан жаңа саябақтың 6240 м2 аумағы көгал. 600-ге жуық ағаш егіліп, 100 дана бастырма орнатылған, балалар ойын алаңшасы мен стритворкауд та жасақталған.

Одан бөлек, саябақ ішінде әсемдік үшін қойылған ана мен бала мүсіні және кіші сәулеттік 136 форма бар. Сонымен қатар саябақ автотұрақпен де қамтамасыз етілген.