БІРЛІК БОЛМАЙ, ТІРЛІК БОЛМАС

352

Бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков Қайнарбұлақ ауылдық округінде кезекті кездесуін өткізді.

Кездесуде аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев ІІ тоқсанында бақылауға алынған тұрғындардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстардың барысын таныстырды. Аудан әкімінің өткен кездесуінде бес мәселе көтеріліп, біреуі орындалу үстінде, ал қалғандары бақылауда тұрғанын жеткізді.

Атап айтқанда,

  1. Қасымбек датқа ауылынан өтетін Шымкент-Шаян автожолы, яғни Қ.Мұсаев орталық көшесіне бағдаршам орнату.

— Қасымбек датқа ауылындағы орталық, облыстық маңызы бар Қ.Мұсаев пен С.Сарманов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату үшін 21,5 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылғы аудандық бюджетке енгізілетін болады.

  1. Құрлық ауылының ескі бағаналарын ауыстыру.

— Құрлық ауылындағы Байдеуов көшесі бойындағы ескірген электр бағаналары мен желілерін жаңартуға 25,3 млн. теңге сметалық құжаттамасы дайындалып, 2023 жылғы аудандық бюджет есебінен қаржы қарастыруға енгізілді.

  1. Құрлық ауылы жанынан өтетін «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» облыстық маңызы бар тас жолына көпір салу.

— Құрлық ауылы жанынан өтетін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» магистральды халықаралық автожолына көпір салуға мүмкіндік жоқ. Себебі, мұндай жұмыстарды атқару «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының зерделеу нәтижесі бойынша халық саны кем болғандықтан, көпір салуға мүмкіндік жоқ.

  1. Құрлық ауылына спорт алаңшасы қашан салынады?

— қазіргі уақытта Құрлық ауылына спорт алаңшасын салу жұмыстарының сметалық құжаттары дайындалып, 2023 жылғы аудандық бюджет есебінен қаржы қарастыруға енгізілетін болады.

  1. Құрлық ауылының «Ақтай Қажы» мешіті жанынан «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» облыстық маңызы бар тас жолына шығатын жол салу.

— Құрлық ауылындағы Қ.Жұмабаев көшесі бойындағы «Ақтай Қажы» мешіті жанынан «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» халықаралық автожолына шығатын екі аралық 750 метр жолға тас төсеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу өткізіліп, жеңімпаз мекеме анықталып, қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан. Тас төсеу жұмыстары қазан айында аяқталады.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы жергілікті тұрғындар тарапынан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ауыз су, электр энергиясымен қамту, жол жөндеу, спорт кешенін салу туралы көтерілген бірнеше мәселеге жауап берді.

Жиын соңында аудан басшысы өзекті мәселелердің шешімін қарастыруды әкім орынбасарлары Мадияр Оразалиев және Ш.Убайдуллаевтарға бақылауға алуды, сала басшылары мен ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевпен бірге зерделеуді тапсырды.

Өз кезегінде өзекті мәселелерді шешу барысында халықты сабырлық танытып, бірлік сақтауға шақырды. Алдағы уақытта салаларға қатысты айтылған мәселелерге белгілі бір уақыт, құжаттарды заңдастыру, мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылатын жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні, сонымен қатар тиісті қаражат қарауды талап етілетінін түсіндіріп өтті.

Ауыл ақсақалдары аудан әкімінің қорытынды сөзін қолдап, оң пікірлерін білдірді.