«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҰРПАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ-ОРТАҚ МАҚСАТ»

235

 

Бүгін Аудандық Мәдениет Үйінде Түркістан облысы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеу-ортақ мақсат» тақырыбында ата-аналар конференциясы болып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласы дамуының негізгі бағыттарын атап, 2020-2025 жылдарға жаңа білімді дамыту бағдарламасын халықпен ақылдасып жасауды, соның ішінде тәрбие мәселесіне ерекше мән беруді тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы халықпен, яғни ата-анамен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүргізілуде.

Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында өтілген конференцияға аудан пркуроры Нәрікбаев Каукен Бахытбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Аманбаев Берік Ерсұлтанович, білім беру мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беру мекемелерінің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Жиынға қатысқан аудан прокуроры Нәрікбаев Каукен Бахытбайұлы қазіргі кездегі жасөсіпірімдер арасындағы өзекті мәселеге айналған құқықбұзушылық пен бала құқығының қорғалу жайларынан сөз қозғап, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналарға көбірек жауапкершілік артылатынын тілге тиек етті.

Аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы балалар арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды айта келіп соның ішінде жол-көлік оқиғаларына тоқталды. Мектептегі міндетті мектеп киім үлгісі, мектеп пен ата-аналар арасындағы келісім-шарттың жүргізілуі және бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігінің әлі де болса өз деңгейінде болмай отырғаны туралы айтты.

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Аманбаев Берік Ерсұлтанович жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі туралы айтып таныстырды.

Жиын соңында, ұл-қызына үлгілі тәрбие беріп, қоғамдағы түрлі жұмыстарға белсене араласып жүрген «Әлем балалар көзімен» атты сурет байқауына өз балаларымен бірге қатысқан ата-аналар марапатталды.