ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясы өтті. Конференцияға «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Отаршиев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салимов, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Қыстаубаев, Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БПҰ жиналыстарында сайланған делегаттар, БАҚ өкілдері мен «Жастар рухы»жастар қанатының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша Қ.Қыстаубаев баяндама жасады.
Баяндамашы өз сөзінде тұғырнамадағы Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттарына түсінік берді.«AMANAT» партиясы әрқашан қоғамдық — саяси үдерістерінің бел ортасында жүретін, түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын, үндесетін алаңына айналды. Біздің мақсатымыз-Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру,- деді Құдрет Ибадуллаұлы.
Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Д.Оспанова және «Тегісшіл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Жаңабаев жарыс сөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Конференцияда қаралған екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Сарыағаш ауданынан қатысатын делегаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына ішінара өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Конференция соңында тиісті қаулы қабылданып, нақты тапсырмалар жүктелді.