ЖЫЛҒАДА 100 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНУДА

445
Аудан әкімі М.Отаршиев Жылға ауылдық округіне іс-сапары барысында жаңадан салынып жатқан 100 орындық мектептің құрылысымен танысты.
Тұрғындар санының күннен-күнге артуына байланысты, елді мекенде жаңа білім ошағын салу қажеттілік деп танылып, оның қазығы былтырғы жылдың тамыз айында қағылған. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «Строительная компания Шах» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы 80 соттықты құрайды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы.
Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру керек» — деді аудан басшысы Мұхит Баймұханбетұлы.
Айта кетсек бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.