БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Кенехан Асқар Оразханұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысына аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессиясының күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері жөнінде 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар сессияда Бәйдібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12/75 «2022 – 2024 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекованың, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы жайлы аудан әкімі аппаратының басшысы Алмас Нақыпбековтің, Бәйдібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтің, Бірқатар сайлау комиссияларының құрамына мүшелер сайлау туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Кәдіржан Әбеновтің, Бәйдібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы «Бәйдібек ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №4/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Бәйдібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл комиссиясын құру туралы» №39/235 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевтің хабарламалары тыңдалды.
Аудандық мәслихат депутаттары С.Спабеков, Ж.Бауыржанқызы ұсыныс айтып, пікір білдірді.
Жалпы бүгінгі өткен жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы жұмысында мәслихат депутаттары 7 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.