ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды.
Шараның негізгі мақсаты — қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр.
Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.
Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді.
Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.