СОЗАҚТЫҚ 10 ҮЗДІК ОҚУШЫҒА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ

257

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен 2020 жылдан бастап «Ел Үміті» бағдарламасы аясында «Елбасы Медалі» жобасы жүзеге асырылып келеді.

Білім көкжиегін кеңейтіп, танымын арттыруға ұмытылған жастарға арналған «Елбасы медалінің» биылғы иегерлері анықталды. Үздіктердің қатарында көрінген ауданның 10 оқушысы мен жасына «Елбасы медалін» аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков салтанатты түрде табыстады.

-Бүгін сіздерді өмірлеріңіздегі ерекше сәтпен құттықтаймын. Қазіргі заманда оқуға, білімдеріңді арттыруға барлық жағдай жасалған. Бұл жоба өскелең ұрпақты қолдауға және ынталандыруға арналған. Алдағы уақытта осы бақытта ізденіп, елге пайдалы білімдеріңді тереңдетіп, дағдыларыңды дамытып, халыққа қызмет етеді деп сенемін, — деді аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы.

Кездесу барысында оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Қызықты өткен кездесуде оқушылар аудан әкіміне алдағы жоспарларын бөлісті. Ойларын ортаға салды.

«Елбасы медалін» Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы күміс медаль иегері Тұран Өсер Мырзабекұлы алды. Қола медаль иегерлері С. Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Абдіразақ Айдана Бекарыстанқызы, Т.Момбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жалел Ерзат Муснұлы мен Кемал Ислам Русланұлы, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Асан Айдина Ғалымжанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Есенбек Дильназ Құралбекқызы, С. Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әуесбек Зәуреш Серікқызы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, бүгінде Қарағанды қаласындағы ЖОО студенті Бауыржанқызы Инабат, Қ. Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Азат Нұрила Қайратқызы, Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицей Жолдас Назерке Серікқызы ие болып отыр.