«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

362

«Аманат» партиясы орталық аппаратының келісімімен, партияның Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың өкімімен «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы тағайындалды.

Бүгін аудан басшысы Бақыт Асанов арнайы жиын өткізіп, партияның аудандық активіне жаңа атқарушы хатшыны таныстырды. Жиын барысында Жаңа Қазақстан құру жолында партияға жүктелер міндет өте ауыр екенін атап өтіп, жаңа атқарушы хатшының жұмысына сәттілік тіледі. «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев та жиынға қатысып, ізгі тілегін айтты.

М.Сәрсенов 1987 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «Прима» ЖШС-да мерчендайзер болып бастаған. 2010 жылы Шымкент қаласында «Шымкентмелиорация» ЖШС-да инженер болып жұмыс істеді.

2011 жылы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінде бас маман міндетін атқарушы, кейіннен бас маман әкімшілік қызметтік лауазымдарында еңбек жолын жалғастырды.

2015 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2016 жылы дәл осы мекемеде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспектор, 2017 жылы ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымдарында жұмыс жасады.

2017 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы болып абыройлы еңбек етті.

2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болған еді.