ҚЫЗЫЛЖАРДА БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

154

Бүгінде Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Алапта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды.

Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3.

Жарықтанырылған көшелер саны — 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі