МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ

137

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ауылдық округ орталығында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев арнайы Мәдениет үйіне барды. Нысанның күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталған болатын. Жұмыс 2024 жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары ғимараттың сырлау жұмыстарымен танысу барысында жылу мен жарық жүйесін де толықтай жаңартуды тапсырды. Орталық толық стандарттарға сай жүргізіліп, мәдениет үйі де жаңа кейіпке енбек. Күрделі жөндеуге жалпы облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін 500 орындық Мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа қайта қызмет ететін болады.