ШЫМКЕНТ: ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

149

Қалада ауа-райына байланысты қар тазалау шаралары күшейтілген режимде атқарылуда.

Атап айтсақ, магистралды көшелер, аялдамалар мен аяқ жолдарды тазалау және инертті материалдар себу жұмыстарына 160 арнайы техника, 1100-ден аса жұмысшы тартылып отыр. Жұмысшы топ мегаполистегі әр аудан бойынша тиесілі аймақты қардан тазартуда.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және жұрт көп шоғырланатын аялдамалардағы аяқ жолдарды қардан тазалау жұмыстарына аса мән берілуде. Сонымен қатар, шеткі аймақтарға да баса назар аударылып отыр.

Айта кетейік, көлік қозғалысы мен халықтың жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары бақылауда болады.