ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ГАЗ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЕСКЕРТЕДІ.

242

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.

Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!

Газды тұрмыста қолданатын халық міндетті:

Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеруге. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыруға.

Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуға.

Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатуға, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жайдан тыс). От жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарды қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбауға.

Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткенде кіргізуге.