ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНА — 30 ЖЫЛ!
«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде әділет органдарына 30 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.
Шара шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен түріліп, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының мерекелік құттықтауымен жалғасты.
Жиында әділет органдарында еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды.
Құттықтау сөз алған, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы
«Еліміздің патриот азаматтарын тәрбиелеп, ынтымақтастықты нығайту жолында әділет органдары қызметкерлерінің алар орны ерекше.
Мемлекетіміздің сенімді серігі әрі маңызды буыны ретінде Сіздердің ел ертеңінің жандануына, азаматтардың бостандығына мен заңды мүдделерін қорғауда алар орындарыңыз бөлек. Осындай әділеттіліктің ақ жолында атқарар қызметтеріңізге табыс пен береке тілеймін» деді.
Жиын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мерекелік медальдері мен төсбелгілерін тағумен және облыстық департамент басшысының грамоталарын табыстаумен жалғасты.
Барлығы сексенге жуық әділет органы қызметкері марапатталған жиын соңында концерттік бағдарламаға ұласып, қызметкерлерге құрмет көрсетілді.