ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ТОП ЖАРДЫ

1041

Сүйінші жаңалық! Ұлытау жерінде өткен өнерлі жастардың сайысынан Түркістандық жастар топ жарды. 14-16 қазан аралығында Республика күніне орай, Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы болып өтті. Бұл шараға Түркістан облысы Ассамблея жастары да қатысты.

ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған Іс -шараның мақсаты Қазақстанда тұратын этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидасы бойынша біртұтас ұлтқа біріктіру. Осы бағыт бойынша Әулиетау тауының етегінде бір шаңырақ астында уық біріктіріліп, киіз үй тігілді.

Жобаға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Г. Құсманғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Нәбиев, ҚР Сенаты аппараты басшысының орынбасары М. Споткай, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры М. Жұманбай, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Джумурбаев, астаналық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабтарының, республикалық жастар ұйымдарының, аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер т.б белсенді жастар қатысты.

Осы іс -шарада Жайдарман ойыны бойынша ұйымдастырылған «Достық» кубогында Түркістан облысының жастар құрамасы жүлделі III орынға ие болып, сыйлықпен марапатталды. Ұлытау жерінде өткен өнер сайысына қатысыа, топ жарған Түркістан Ассамблеясы жастарының жеңісімен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысы Аңсар Өсербаев құтты болсын айтты. Жүлделі үшінші орын иеленген жастар өздерінің өнеріне қолдау жасап, Ұлытау облысына барып қайтуға қамтамасыз еткен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі ұжымына зор алғыстарын білдірді. Киелі Түркістанның киесі қолдасын әрқашан жастарды.

“ARA-ақпарат”