СПОРТ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

106

Бүгінгі таңда ауданда спортпен шұғылданушылар саны 41,3%-ға жетті. Биылғы жылы Сауран ауданында 2 спорт мектебі ашылды. Жақында 2023 жылдың осы қараша айында Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде спорт залдың құрылысы аяқталады.

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінен «Спорт кешенінің» ЖСҚ әзірленіп құрылысына 1786,88 млрд қаржы қаралған.

Сонымен қатар, биылғы жылы Сауран ауданында 129 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 2582 адам спорттық іс-шараға тартылды.

Нақтырақ тоқталсақ, Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық спорт — ұлт қуаты» тақырыбында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен қазақ күресінен 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілік өткізілді. Наурыз мерекесіне орай, онкүндік іс-шара жоспары аясында, «Дәстүрлі шара — денсаулық кепілі» атты ауданаралық марафон ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, Оранғай ауылы Сауран спорт клубында Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан 2014-2011, 2009-2007 жылдар арасында ұлдар және қыздар арасында классика түрінен Сауран ауданының ашық біріншілігі өтті. Ал, 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай 2008-2011 жылдары туылған оқушылардың арасында кіші футболдан Сауран ауданының ашық біріншілігі өтті. Аудан тұрғындары арасында ұлттық спортты дамыту мақсатында «Сауран қыраны» атты қазақша күрестен аудан біріншілігі өтсе, кіші футболдан Сауран ауданының әкімдігі мен мәслихат депутаттарының бірлескен ашық біріншілігі өткізілді.