ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ

205

Сауран аудандық ОКЖ-не қарасты ауылдық – 29 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Аудандық орталық кітапханада 6 кітапханашы, ауылдық кітапханаларда 28 кітапханашы бар. Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жалпы 36 қызметкер жұмыс жасайды.

Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қазіргі таңдағы жалпы кітап қоры – 311 969 дана кітап, мемлекеттік тілдегісі 186 547 дана.

Сауран аудандық ОКЖ-не RABIS бағдарламасы 2022 жылдың қыркүйек айында орнатылды. Fairfox браузер арқылы Mega-rabis.cloud сайтында пароль, логинмен кіріп керек ақпаратты автоматты түрде табуға болады. Қазіргі таңда 2800 кітап тіркелді. 2018 жылы 17 ауылдық кітапхана комьпютермен жабдықталған . Қазіргі таңда барлығы дерлік қолдануға жарамсыз, кітапханалар интернет желісіне қосылмағандықтан RABIS бағдарламасын қолдана алмай отыр.

Кітапханашылардың жеткен жетістіктері айтарлықтай. Атап айтсақ, А.Үсенов кітапханасының кітапханашысы Ақерке Пәрдебайдың жетекшілігімен оқырманы Гүлдаршын Оразбек Отырар ауданындағы балалар кітапханасында өткен «Фараби оқулары» атты облыстық байқауына қатысып, ІІ орын иеленді. «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты байқауда Қарашық ауылдық кітапханашысы Зиннира Абдураимова жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Жылдың үздік жас кітапханашысы-2023» байқауына Аша ауылдық кітапханашысы Нулифар Абдуахапова қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ойық елді мекенінде орналасқан Ойық кітапханасының халық саны аздығына байланысты 2 мың халқы бар Шаға ауылдық округіне қарасты Бершінтөбе елді мекеніне жеке кәсіпкердің қолдауымен жаңа ғимаратқа көшірілді. Ғимарат стандартқа сай жабдықталған. Оқырмандарға арнап «Коворкинг» орталығы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ауылдардағы клуб, кітапханаларды заман талабына сай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы жоспар жасалып, жүзеге асуда.

2022 жылы Ескі Иқан, Қарашық ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына смета жасалынып, биылғы 2023 жылы жөндеу жұмыстары жасалуда. Аталған мәдениет үйлерінде кітапхана бірге орналасқан. Алдағы уақытта, кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізу басты мақсатымыз болып отыр. Ауданның жаңадан құрылуына байланысты 2023-2030 жылдарға дейін ауылдық кітапханалар заман талабына сай ретке келтіріледі. Ескі Иқан ауылдық округінде халық саны 18736 болуына байланысты екінші кітапхана ашу жоспарда бар.