ҚАРАТАУДА 2 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШЫЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 91,6% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

419

Шымкент қаласының Қаратау ауданында қос бірдей индустриалды аймақтың құрылысы қызу жүргізілуде. Аталған аймақтарда 35 жоба жүзеге асырылып, 2000-ға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мулкеманов шаһар басшысы М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

-Қазіргі кезде “Тассай” индустриалды аймағының аумағы 100% қамтылған. Осы кезге дейін 20 жобаны іске қосып, нәтижесінде 1500 адамды жұмысқа орналастырдық. Жыл соңына дейін тағы 8 нысанды іске қоссақ, 885 жұмыс орны ашылады-деді Р.Мулкеманов.

Бұдан бөлек аудан әкімінің айтуынша, “Бозарық” тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағынан 21 тамақ өнеркәсібі, ал “агроиндустриалдық” аймақтан 14 өндірістік жылыжай кешенін ашу жоспарланған. Қазіргі таңда инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ 91,6% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Қаратау ауданында шаһар басшысының тұрғындармен кезекті есепті кездесуі өтті. Жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6  магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.

Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам”  және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де  құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.

2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі