ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ АЛТЫ КАНДИДАТТЫ ТІРКЕДІ

215

20 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының ОСК президенттікке алты кандидатты тіркеді. Олар:

  1. Қасым-Жомарт Тоқаев
  2. Мейрам Қажыкен
  3. Жигули Дайрабаев
  4. Қаракат Әбден
  5. Салтанат Тұрсынбекова
  6. Нұрлан Әуесбаев

Айта кетейік, 21 қазанда, яғни бүгін, кешкі сағат 18.00-де елімізде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Еске салсақ, дауыс беру 20 қарашаға белгіленген. Президент жеті жылға сайланады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі