ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА ЖӘНЕ ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН РҰҚСТАСЫЗ ЖҮРГІЗГЕН ЖАҒДАЙДА 100 АЕК АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУІҢІЗ МҮМКІН

446

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталды.

Бүгінгі таңда 19 жоба бойынша 24 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

  1. Сәуле ш.а Зерде көшесі
  2. Сәуле ш.а Көксай-2 көшесі
  3. Сәуле ш.а Ақмешіт көшесі
  4. Сәуле ш.а Бөген көшесі
  5. Сәуле ш.а Жеңістің 50 жылдығы көшесі
  6. Сәуле ш.а Жаңабазар көшесі
  7. Сәуле ш.а Тұмарлы көшесі
  8. Бадам ш.а Таусамалы көшесі
  9. Бадам ш.а Қажымұқан көшесі
  10. Бадам ш.а Қарабастау көшесі
  11. Бадам ш.а (Тобыл көшесі, Балдаурен көшесі, Айкөл көшесі)
  12. Бадам ш.а Макаренко көшесі
  13. Бадам ш.а(Забадамский көшесі, Абат көшесі)
  14. Бадам ш.а Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы
  15. Ескі қалашық (Шымкентский көшесі, Хаят көшесі, Амангелды көшесі)
  16. Көк сай-1 Анарова көшесі
  17. Шәймерденов көшесі мен С.Азимов көшелерінің қиылысына
  18. Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысына
  19. Республика даңғылы 19б үй аумағынан Қошқар ата өзеніне дейін.

 

ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН РҰҚСТАСЫЗ ЖҮРГІЗГЕН ЖАҒДАЙДА 100 АЕК АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУІҢІЗ МҮМКІН

Шымкент қаласы аумағында жүргізілген газ құбырларының бүліну факторлары анықталған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 305-бабында көзделген құқықбұзушылықтар негізінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.

Газбен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын мекемелердің ((«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, жеке меншіктер) келісімінсіз жұмыстар жүргізу кезінде орын алған келеңсіздіктер әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Атап айтатын болсақ: жеке тұлғаларға – 10 АЕК; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК; орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 2022 жылы, 3 063 теңге болып белгіленген.