2022 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

297

2022 жылғы 25 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады.
Қаулының негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгілену және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
А.М. Паяевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу жазылған.