ТҮРКІСТАН: КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН 647 ОРЫН БЕЛГІЛЕНГЕН

278

Түркістан облысында ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарына арналған 647 орын белгіленген. Жалпы облыста бүгінде 1 168 475 дауыс беруші, 919 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 26 орын жабық учаске болып саналады.
Бүгінде орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 271 сыртқы жарнама, оның ішінде 237 билборд пен 15 баннер, 19 лед-экран шығарылып, орналастырылған.
Бұдан бөлек, облыстың әр өңірінде президенттікке үміткер кандидаттардың жарнамалық конструкцияларына орын бөлу мәселесі пысықталды.
Қазіргі таңда кандидаттардың үгіт-насихат материалдары 152 жарнамалық конструкцияға ілінді.
Сонымен қатар, өңірдегі 17 аудан, қалада кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 647 орын, оның ішінде 230 стенд пен 417 ақпараттық тақта белгіленген. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін де 300-ден аса орын қарастырылған.
Қазіргі таңда 6 кандидаттың облыстық штабы құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ал, штаб кеңселері облыс орталығы Түркістан қаласында орналасқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі