САЙЛАУ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТАДЫ

214

Ел тұрғындарын алдағы айда мемлекетіміздің даму болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан — Президент сайлауы күтіп тұр. Біз жай ғана дауыс бермейміз, өзіміздің болашағымызға таңдау жасаймыз.

Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы белсенділік танытып, сайлауға қатысып, өз позициясын демократиялық жолмен көрсетуі керек. Қазіргі уақытта қоғамды жаңартуға, жаңа саяси жүйе құруға бетбұрыс жасалып жатыр. Кейбіреулеріміздің санамызға сіңген «менсіз де сайлау өтеді» деген стереотиптен арылмасақ жаңа қоғам құра алмаймыз.

Конституцияда бекітілген сайлау құқығымызды пайдалануымыз қажет. Сайлау құқығын пайдалану — азаматтық қоғам құрудың негізі. Азаматтық қоғам мықты болған жағдайда ғана мемлекет дамиды, өсіп-өркендейді.

Алтынбек КЕНЖАЛИЕВ,
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің директоры