“БАҒАНАСЫ БАР, ЖАРЫҒЫ ЖОҚ АУЫЛ…”

523

НЕМЕСЕ БАЛТАБАЕВТА НЕҢ БАР?..
Шымкенттің іргесіндегі “Қайнарбұлақ” елді-мекенінің арғы шетінде де ауыл бар. “Жаңатұрмыс” деген, Олар да адам, олар да сайлауға барады, олар да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан “жаңа Қазақстанның” игілігін ертерек көргісі келеді. Бірақ, бір әттеген-айы, сол “Жаңақұрылыстың” халқы әліге дейін электр жарыққа жарымай отыр. Қараңғылық құшағында. “Депутат Талғат Балтабаевқа айтшы, бізге жарық қашан береді?”-дейді ауыл тұрғыны Тұрлан Салихов. “Ойбай-ау, Балтабаевта нең бар? Ол саған әкім емес ғой, мәселе шешетін” десем де қоймайды. Мақұл дедім. “Басқаға айтпасаң да, Балтабаевқа айтшы, сол жігіт әйтеуір халықтың жанайқайына жиі құлақ асып жүреді ғой”-дегесін сөзін жерге тастағым келмеді. Рас, тұрғындар Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаевты кәдімгідей “әулие” көріп отыр. Бәлкім, журналистен шыққан депутат болғасын ба екен, маған аманаттап тапсырды. “Аманатқа қиянат жүрмейді” деген. Тұрлан Салиховтың айтқан аманатын, Жанар Бектаева басқаратын “Аманат” партиясының белді де, белсенді бір өкілі Талғат Балтабаев бір топ депуттатармен 125-ші мектептің арқасындағы ауылға ат ізін салар деп сенемін. Айьпақшы, мұнда бір ғана жарық емес, ауыз суда, көнілдір отында жоқ. Сондықтан да, сөзі өтсе Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов пен Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбековті ел ішіне ерте барғаны мақұл. “Қақиған” бағансы бар, жарығы жоқ ауылдың адамдарының бір сенері сен боп тұрсың депутат Талғат Балтабаев мырза. Бүгінгі биліктің “Жаңатұрмыстың” жабырқаулы жұртына жарық беріп қуантып қайтпаса да, сайлау алдында жылы сөзін айтып жұбатып қайтуға шамасы жетеді.
Ерсұлтан Әмірбек, журналист