ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 78 ТҰРАҚТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

362

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті  маршруттарға 876 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.

Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Айта кетейік, I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.

Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, электрондық TOLEM картасының 310 мыңға жуығы сатылып, күнделікті транзакция 300 мыңды құрап отыр.