БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген жоспар кестесіне сәйкес Жамбыл ауылдық округінің орталығында тұрғындармен кезекті кездесуін өткізіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі округ орталығындағы орталық саябақты Жамбыл ауылдық округінің меншігіне (қарауыл штатымен) өткізу, Жамбыл елді мекеніндегі «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалау, Жамбыл елді мекеніндегі Айтбеков көшесі мен Кертайұлы көшесінің қиылысындағы ауыз судың (жарылған труба) ақауларын қалпына келтіру, Жүзімдік елді мекеніндегі «Кәрі тоған» каналының тазалау жұмыстарын мерзімінде аяқтау, Шаян елді мекенінен Жамбыл елді мекеніне келетін Ақбастау каналын меншікке алып, тазалау бойынша 2023 жылға ұсыныс енгізу, Жамбыл су қоймасынан Тасқұдық елді мекеніне қосымша канал қазуға қаржысын есептеп 2023 жылға ұсыныс енгізу, Аудан бойынша барлық мектеп және елді мекен ішіндегі қауіпті жол бойларына (қажеттілігіне орай) жол белгілерін (жылдамдық, жол кедергілер, жаяу жүру жолағы) орнатуға 2023 жылға ұсыныс беру жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп тапсырмалар жүктеді.
Аталған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Асқар Кенехан жүргізіп отырды.