РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

321

Қаладағы Көрме орталығында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Жиында қаланың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленіп, шаһардың жетістіктері сараланды. Іс-шараға қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара алаштың айбынын асқақтатып, мерейін үстем ететін арнайы бейнероликтен басталды. «Сазген сазы» фолькорлық-этнографиялық ансамблі «Бақтыбайдың күйімен» қазақтың сыры мен сазын әуелетіп жеткізді.
Бұдан соң қала әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті мерекемен құттықтап, қаланың дамуына еңбек сіңірген азаматтарды мерекелік наградалармен марапаттады.
– Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні Ұлттық мереке ретінде бекітілді. Бұл маңызды шешім халықтың қолдауына ие болып, осы жылдан бастап ұлттық деңгейде аталып өтетін болады. Бүгінде елімізде Әділетті Қазақстан құру бойынша ауқымды реформалар қабылданып жатыр. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы өткен қыркүйек айында Шымкентке келген жұмыс сапары аясында қала жұртшылығымен кездесіп, жан-жақты айтып берді. Шаһарда Жолдауда айтылған бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылуда.
Ел аман, жұрт тыныш болса, жұмыс та жүреді, қаланың да, халықтың да әл-ауқаты артады. Мұндай жағдайда ұлт болып ұйысып, ұлттық мерекені атап өту де бір ғанибет. Қазақстан Республикасының Республика күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, Егемен еліміз гүлдене берсін!, – деді қала әкімі.

Іс-шара барысында қалада түрлі салаларда жетістікке жеткен, еңбек сіңірген азаматтар мемлекеттік нагдаралармен марапатталды. Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрының артисі Сапарбай Өтемісұлына III дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді. Сонымен қатар, «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» грамотасы, жалпы 30-дан астам азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Салтанатты жиын Ж.Жексен,
Б.Исаев сынды елге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Оңтүстікте туған өнерпаздар, қалалық мәдениет мекемелерінің ұжымдары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді.
Биыл Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріліп, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған айтулы датаны барша халық қуана тойлауда. Қалада 300-ден астам нысанда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Айта кетсек, биылғы Ұлттық мерекеге Шымкент қаласы да зор жетістіктерімен келіп отыр. Тәуелсіздік жылдары шаһарға тартылған инвестицияның тең жартысы, яғни, 1,8 триллион теңге соңғы 5 жылдың еншісінде. Биыл 9 айда Шымкентке 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 530 миллиардқа жетеді деп күтілуде.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік сыйлықпен марапатталғандар

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Өтемісұлы Сапарбай — «Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі

«Парасат» орденімен
Гарипов Ильяс Карипович — «Фиркан» ЖШС-ның бас директоры
Мырзахметов Мелдебек Мырзахметұлы — Еңбек ардагері, «Су ресурстары-Маркетинг» кеңесшісі
Наимбеков Мұқан Ізбасханұлы — «Барыс 2007» ЖШС, «Meir-Trade» Distribution Company» ЖШС, «АгроХолдинг» Зерновая Индустрия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы

«Құрмет» орденімен
Ахметова Раиса Райымбекқызы — еңбек ардагері
Ботанов Амангелді Шотанұлы — еңбек ардагері
Доброта Любовь Дмитриевна — «Казахстанская правда» газетінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жеке тілшісі
Пәрменов Мұхтар Абайұлы — «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің сот алқасының төрағасы
Маямеров Лесбай Құдайсүгүрұлы — еңбек ардагері

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Бекжанов Бақтияр Үкібайұлы — «Шымкентмай» АҚ-ның механигі
Лобина Александра Владимировна — «Югдорсервис» ЖШС-ның аула сыпырушысы
Финогенов Андрей Юрьевич — «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның жүргізушісі

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Адылбаев Балта Мұханұлы — «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның 5-дәрежелі слесарі
Әжібеков Қамбарбек — еңбек ардагері
Батырбекова Үрзия Рысқұлбекқызы — «PK AGF Group» ЖШС-ның тігіншісі
Жанбосынова Лаззат Сегізбайқызы — «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиешісі
Серманизова Гүлжан Қыпшақбайқызы — «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері
Төлеметов Бейбіт Әбілдабекұлы — Желтоқсан қозғалысының белсенді мүшесі
Үшкемпірова Бибайша Қалдыбекқызы — «№6 Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мұғалім-дефектологы
Харченко Татьяна Викторовна — «Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия» КММ-нің мұғалімі
Яворский Евгений Анатольевич — «Яворский & Серіктестер» заң кеңсесінің заңгері

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен
Мұратбаев Абдуахат Тұрғанбекұлы — «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары
Жорабеков Серікбай Құлышұлы — «Шымкент университеті» ЖМ аға оқытушысы

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
Күлбаева Шолпан Шарбекқызы — «Бақытты жанұя» орталығы» КММ-нің әлеуметтік маманы, «Күміс алқа» алқасының иегері
Омар Ғалымжан Жалтайұлы — «Шымкент қаласының №19 мүгедектерге арналған спорт клубы» КММ-ның жаттықтырушысы
Халметов Шухратжон Мусаматович — «Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің № 5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі
Шермаханбет Мейржан Анарбайұлы — «Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің» КММ-нің спортшысы.