КАНДИДАТ НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АҚМОЛ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

262

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылына барып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында кандидат өз бағдарламасын таныстырып, жергілікті жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.

Бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбедегі тұрғын үй алаптары мәселелерімен танысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.