ПРЕЗИДЕНТТІКЕ ҮМІТКЕР САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТА БОЛДЫ

343

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Астана қаласындағы жануарларға арналған орталыққа барды.

Онда мекеме қызметкерлермен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, кандидат жұмысшылармен панасыз жануарларға қажетті көмек жөнінде сұхбат құрды.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары 22 қазан күні басталған болатын. Насихат науқаны 19 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Ал 19 қараша сағат 00:00-ден 20 қараша сағат 00:00-ге дейін «тыныштық күні» жарияланады. 20 қараша күні сағат 07:00-ден бастап күллі қазақстандықтар өз сайлау учаскелеріне барып дауыс бере бастайды.

Кез келген саяси науқан өзгеріске бастайтыны сөзсіз. Бұл жолғы кезектен тыс Президент сайлауы да тың бастамаларға серпін береріне сенімім кәміл.