АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ СОТ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚОЯР ҮЛКЕН ТАЛАПТАРЫ БАР

232

Шындығын айтқанда, бұрынғы қылмыстық іс жүргізу тәртібі әлдеқайда түсінікті және тиімді болатын. «Жаңа» кодификацияланған актілердің мәтін­деріне істер бойынша сот-тергеу прак­ти­касын едәуір жақсартатын және қо­ғам­ның игілігі үшін қызмет ететін өзге­рістер енгізілмеген. Оны келіп Ұлы реформа деп атаймыз. Мұндай ре­фор­малардың соңы неге әкеліп соқ­ты? Кешегі «Қасіретті қаңтар» оқиға­сына түрткі болған себептердің бірі осын­да жатыр. Жұмыс істемейтін консти­туциялық әділеттілік қағидасы – қаңтар трагедиясының триггерлерінің бірі. Ал ал­дағы уақытта осындай қанды оқиға­лар­дың қайталануына жол бермеу біздің ортақ азаматтық міндетіміз болып табылады.

Азаматтық қоғамның сот, құқық қор­­ғау органдарының жұмысына қояр үлкен талаптары бар екені түсінікті. Лауа­зымды тұлғалар мен азаматтарды заңсыз жауапкершілікке тарту, аза­маттық істер бойынша шешімдерді тап­сы­рыс­пен шығару фактілері сияқты келең­сіздіктерге жол бермейтін тетіктер қажет.

Адамдардың ерікті тобын қыл­мыс­тық процеске тартып, кейіннен олар­ды соттап, қылмыстық істерді қоз­ғай­тын сәт­сіз тәжірибені тоқтату керек. Ал қыл­мыс­тық қудалаудың бар­лық са­ты­сына қатысқан лауазымды адам­дар жауапқа тартылуы тиіс. Мұн­дай тәжірибе кеңестік кезеңде бол­ған. Ол кезде кінәсіз адамдарды қыл­мыстық жауапкершілікке тартқан адамдар, кем дегенде, қызметтерінен босатыла­тын. Ал қазіргі жүйе «әйдік істің әттеген-айлары болмай тұрмайды» деген қағи­дат бойынша жұмыс істеп келді. Осы­ның барлығы талай мансапты бұзып, тәл­кекке түскен тағдырлардың санын арттырып, осы салаларда жүрген маман­дардың беделіне нұқсан келтірді.