ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕК ЖАНДАРДЫҢ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

269

Бүгінде Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны — 60 510. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны — 10 595.

Бұл орайда, барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.

Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.

Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.