ШОРНАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

131

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген онлайн конференциясында айтылған жайдың бірі — ауылдық жерлерді биліктің ұмыт қалдырып, соңғы жылдары тозып, тоқырағандығы. Оны алдағы уақытта барынша жаңғырту, кешенді дамыту туралы тиісті мекеме басшыларына тапсырма берілді. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран ауданы құрылып, енді орныға бастағанда төте сайлау жолымен Шорнақ ауылдық округі әкімі болып Бердалы Баймұратов сайланды. Сауран ауданының орталығы атанған Шорнақ ауылдық округіндегі бір жылда атқарылған жұмыстарға аудан әкімі Ғани Рысбеков тоқталды.

Аудан орталығы атанған бойда Шорнақта кешенді бағдарлама жасалып іске кірісті. Әсіресе, көшелерді абаттандыру ғимараттардың қас беттерін әрлендіруге көңіл бөлініпті. Қысқы уақытта дайындалған кешенді перспективалық жоспарлар да жұртшылықтың ойынан шығып жатқаны белгілі болды. Әкімнің басты міндетінің бірі ауыл тұрғындарының өтініштеріне сергек қарау. Аудан әкімі ретінде бұл қағиданы мықтап түсінгендігі байқалды.

Аудан әкімі Шорнақтағы атқарылған және таяу болашақта атқарылуы тиіс мәселелерді қолмен қойғандай етіп түсіндіріп өтті.

Аудан бойынша 2010 жылғы «Ауыз су» бағдарламасы бойынша елді мекендердің 99,2 пайызы сумен қамтылған. Алайда, арада 12 жыл өткенде су проблемасы алдымыздан қайта шығып отыр. Себебі сол кезде салынған құбырлар көнерген. 2012 жылы құрылған «Түркістан су» кәсіпорны елден судың ақысын сұрамады. Банкротқа ұшырап, өзін-өзі жапты. Кентаудағы «Ащысай су» кәсіпорны да осы жағдайдың кебін киді. Қазір «Сауран су» кәсіпорны халықтың өздері тұтынған ауыз суына ақы төлемендігінен 70 миллион теңге мемлекетке қарыз. Себебі, «судың да сұрауы бар. Су беруге қызмет көрсететін кәсіпорынның жабдықтарын жөндеуге, қызметкерлеріне жалақы төлеуге жұмсалатын ақша жұртшылықтан жиналуы тиіс. Шорнақ, Аша, Қосмезгіл ауылдарында тәулік бойы ауыз су келіп тұруы тиіс.

Шорнақ толығымен жарықтандырылды. 2023 жылы Аша мен Қосмезгіл ауылдары толығымен жарықтандырылады.

Шорнаққа газ беріліп, тұрғындардың есігінің алдына дейін жеткізілді.

Аудан орталығында 700 миллион теңгеге асфальт жолдар, аяқжолдар салынды. Аялдамалар қалыпқа келтірілді.

Жолаушылар жолы, халықты ішкі тасымалдау толыққанды қарастырылмаған. Мәселен, Бабайқорған-Шорнақ-Түркістан, Майдантал-Шорнақ-Түркістан және Аша мен Қосмезгіл арасында автобустар бағдарын ұйымдастыру таяу арада шешілетін болады. Ол мәселе аудан әкімінің басты бақылауында тұр.