МАЙДАНТАЛ ХАЛҚЫ ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

283

«Майдантал» ЖОМ-нің мәжіліс залында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау, ел игілігі үшін жасалып жатқан және алдағы атқарылатын істермен таныстыру.

Аталған іс-шараға Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Мұсаев Сейдахмет, Рахматуллаев Арсылан, Кипшакбаев Темирхан қатысып, ауыл тұрғындарына алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндірді, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жылда ауылдық аймақтарды барынша дамытуға басымдық берілетіндігі, ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынатындығы және игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырылатындығы, ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданып, 7 жылда 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 триллион теңге бөлу жоспарланғаны, соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланғанын, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 2,5 пайызбен несие беру, және медицина саласына баса мән беріліп отырғандығы жайлы айтылды.

Кездесу соңында штаб мүшелері жиынға қатысушыларды Қ.К.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында аталған басымдылықтарға қолдау көрсетіп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.