Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДА БОЛДЫ

347

Жібек Жолы ауылының «Балақай» бөбекжайының ұжымымен кездескен ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Кездесуге аудандық қоғамдық штаб мүшелері Темирхан Кипшакбаев, Сабира Балтабайқызы қатысып, елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етіп, алдағы 7 жылда мектептер мен балабақшалар көптеп салынатынын жеткізді.

Сондай-ақ, барлық жерде цифрландыру үрдісі енгізіліп, мемлекеттік органдар қабылтайтын шешімдердің ашықтығын арттыру жоспарланғанын және ауылды жерлерді кешенді дамытудың тұжырымдамасы қабылданғаны туралы, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу жайлы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұжырымдамаларының бірі еңбек адамын қолдау, өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлықты сіңіріп, адал еңбекке баулы арқылы болашққа сенімді қадам жасау екендігі айтылды.

Кездесу соңында жиынға қатысушыларды Қ.К.Тоқаевтың төңірегіне топтасып, сайлауалды бағдарламасында аталған басымдылықтарға қолдау көрсетіп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.