ИАССЫ БПҰ МҮШЕЛЕРІ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

243

Иассы БПҰ мүшелері Қ.К.Тоқаевтың жақтастарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, өзекті мәселелерді шешу жоспарларына тоқталды.

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Мұстапаев Ержан, Досманов Жұбан, Ибадуллаева Гулнар, Сапаров Құсбек және Мәткәрімұлы Абсамат бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Қ.К.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында алдағы үш жылда ауылдық аймақтарды барынша дамытуға басымдық берілетіндігі, ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынатындығы және игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырылатындығы атап көрсетілгенін жеткізді.

Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалар, қойылған міндеттер мен қол жеткізілген мақсаттар туралы айтып, сайлауалды бағдарламасында алдағы таяу жылдарда барлық елді мекеннің таза ауыз суға, сапалы жолдарға, жылдам интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге басымдық беріп отырғанын, елдегі газдандыру 60 пайыздық деңгейге жеткізу және жоғарыда аталған нақты шаралардың барлығы қаржымен қамтылып, алдағы 7 жылда өңірлердегі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын және олардың даму деңгейіне қатысты теңсіздіктерді айтарлықтай төмендету көзделгені айтылды.

«Жастар – қоғамдағы өзгерістердің басты қозғаушы күші. Еліміздегі жас буынның өз қарым-қабілетін толыққанды жүзеге асыруы үшін тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасалады. Алдағы уақытта Қазақстанда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялауға, атап айтқанда, гранттар бөлу арқылы жағдай жасау қолға алынып, жетекші жоғары оқу орыны мен ірі кәсіпорындардың жанынан инжинирингтік орталықтар құрылатын болады»,- деді қоғамдық штаб делегациясының мүшесі Мустапаев Ержан.

Кездесуді ауылды жерлерді кешенді дамыту тұжырымдамасына тоқтала отыпы, қорытындылаған Мәткәрімұлы Абсамат Иассы БПҰ мүшелерін дұрыс таңдау жасауға шақырды.