ҰСТАЗДАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАРЛАТУ БАСЫМ БАҒЫТ

146

Ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін жоғарлату жайлы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында аталған басымдықтарды талқылаған алқалы жиын Қазақстанның 30 жылдығы ауылының №13 мектеп қабырғасында өтті.

Аталған кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Күнпейсов Мейрамбек, Тәңірберген Рахманберді, Егізбаев Оразгелді. Шаға БПҰ төрайымы Алиева Мереке мен ұстаздар қауымы бас қосты.

Жинда «Ұстаз» атты ардақты ұғымды жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналдыру бойынша атқарылатын шаралар жоспары таныстырылып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары талқыланды.

Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етіп, жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артатындығын жеткізген штаб мүшелері кемелденген мемлекет құру жолында ұстаздар қауымының ойып алар орындарының бөлек екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ұлт боп ұйысуда ұрпақ тәрбиесінің маңызына тоқталды.

Одан өзге ауыл тұрғындары үшін жасалатын жағдайлар мен еңбек адамының қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Әділетті Қазақстанның негізін ең алдымен еңбек адамы құрайды. Оның адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Жұмысшылардың табысы кәсіби шеберлігіне және жауапкершілігіне байланысты болуы керек. Жастардың еңбек етуге деген ынтасын арттыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы осыны көздейді», – деді аудандық штаб төрағасының орынбасары Мейрамбек Күнпейсов.

Спикерлер өз сөздерінде «Ұлттың ең қымбат байлығы — тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ екенін алға тартты.

Жиын соңында кандидаттың жақтастары ұстаздар қауымын алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.